Сурет: SCAT_AIRLINES
Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде жолаушылардың бірі Threads-те жазба жариялап, ұшақ шұғыл қонғаннан кейін жолаушыларға су мен тамақ бірден берілмегенін, сондай-ақ жағдай туралы тиісті ақпарат ұсынылмағанын айтты. Оның сөзінше, әуе компаниясы өкілдері жолаушылар наразылық білдіргеннен кейін ғана қажетті шараларды қолға алған.
Әуе компаниясы ұшақтың Астана әуежайына шұғыл қонғанын растады. Компания өкілдерінің мәліметінше, барлық жолаушыны сумен қамтамасыз ету үшін оны әуежайға алдын ала жеткізуді ұйымдастыру қажет болған, сондықтан ауыз су таратуға біраз уақыт кеткен.
Оқиғаның өзге де мән-жайы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Мазмұнға өту
