Сурет: ашық дереккөз
Сарапшы Эльдар Қонаев 1956 жылы Қазақстан аумағының бір бөлігі Өзбекстанға берілгенін, оның ішінде Бостандық ауданы да бар екенін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, сол жылы Жұмабек Тәшенов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы ретінде аумақтық құрылым мәселелерін зерттеген бастамашыл топты басқарған. Топтың ұсынысымен Қазақстан жерінің бір бөлігі Өзбекстанға өткен.
«Тәшенов және бүгінгі күні одан жасап алған бейне – мифтік қаһарман. 1956 жылы оның өзі Қазақстан аумағын аралап шыққан бастамашыл топты басқарды. Сол кезде Бостандық ауданының 500 мың шаршы шақырымдық шөлейт жері де қаралған. Дәл оның ұсынысымен бұл аумақ Өзбекстанға берілді. 1956 жылы ол Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы болған кезде осындай шешім қабылданды. Жер берілді, содан бері әлі қайтарылған жоқ», деді Эльдар Қонаев.
Сарапшы Тәшеновтің тарихи рөлін бағалауда оның беделін нығайтқан істерімен қатар, сұрақ тудыратын шешімдерін де ескеру қажет деп санайды. Оның пікірінше, мемлекет қайраткерінің тарихи бейнесі қызметін жан-жақты зерттеу негізінде қалыптасуы тиіс.
2023 жылы Тәшенов тұлғасына қатысты «Тәшенов. Тайталас» атты телехикая түсірілгенін еске саламыз.
Мазмұнға өту
