Categories Спорт

Санжар Ташкенбай әлем кубогында алтын алды

Сурет: ҰОК

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай әлем кубогында жеңіске жетті. Ол 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласын ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Санжар Ташкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесті. Төрешілердің шешімі бойынша ол 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Турнир барысында ол ширек финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевті 5:0, жартылай финалда испаниялық Мартин Сальвадорды 5:0 есебімен ұтты.

Бұған дейін Назым Қызайбай да әлем кубогында алтын медаль алған еді.

Ұқсас жазбалар

Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамадан кеткені туралы ақпарат пайда болды

Әлеуметтік желіде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады.

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті. Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев…

Германия Е тобында көш бастады: Эквадор мен Кюрасао тең ойнады

Эквадор құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Кюрасао құрамасымен тең…