Спорт

Сәтпаев «Бернлиге» келу себебін және басты мақсатын айтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Дастан Сәтпаев жаңа командасындағы алғашқы күндері, бас бапкер Ник Хэйменмен жұмысы және «Бернли» сапындағы жоспарлары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Футболшының айтуынша, жаңа ортаға бейімделу жақсы жүріп жатыр. Командадағы әріптестері оған ағылшын футболына тезірек үйренуге көмектесуде.

Сәтпаев «Бернлиге» ауысуды мансабындағы маңызды қадам деп санайды. Ол жаңа клубта көбірек ойын тәжірибесін жинап, ағылшын футболына бейімделуді және команданың Премьер-лигаға қайта оралуына үлес қосуды көздейді.

«Мендегі мақсат оларға да, өзіме де клубтың Премьер-лигаға шығуына көмектесе алатынымды дәлелдеу», деді футболшы.

Сондай-ақ 17 жастағы қазақ футболшысы Чемпиондар лигасында «Қайрат» сапында соққан голын еске алды. Сол голдың арқасында ол турнир тарихындағы ең жас гол авторларының үздік үштігіне енген еді.

Алайда Сәтпаев қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Сұхбат соңында футболшы Қазақстандағы жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғысын білдірді.

Көп оқылғандар