Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы алғашқы ойыны 23 тамызда өтуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
18 жастағы футболшы жаңа клубы үшін Англия чемпионатының екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде алаңға шығуы ықтимал. Сәтпаев «Бернлидің» алғашқы турдағы ойынына қатыспады. 16 тамызда өз алаңында «Вест Хэммен» кездескен команда 2:2 есебімен тең түсті.
Қазақстан футболшысының құқықтары Chelsea FC клубына тиесілі. Лондондық команда жас шабуылшыға тұрақты ойын тәжірибесін жинақтау үшін оны бір маусымға «Бернлиге» жалға берді.
«Бернли» өткен маусымда Премьер-лигада өнер көрсеткенімен, чемпионат қорытындысы бойынша элиталық дивизиондағы орнын сақтап қала алмады. Енді команда Чемпионшипте қайтадан жоғары лигаға оралуға талпынады. Сәтпаев үшін 23 тамыздағы матч Англия чемпионатындағы алғашқы қадам болуы мүмкін.
Еске салайық, Дастан Сәтпаевтың Аустралияда өткен Sydney Super Cup 2026 турнирінде соққан голы жарыстың үздік голы деп танылғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көргені жарияланды.
Мазмұнға өту
