Шартарап

Sadraddin «ZEIIN» альбомын Almaty Arena-да ерекше форматта таныстырды

Сурет: Egemen Qazaqstan

22 мамырда Almaty Arena-да Sadraddin-нің жаңа «ZEIIN» альбомының тұсаукесері өтті. Шара Яндекс Музыка сервисінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Әнші бұл альбомды ерекше форматта – тыңдаушылармен бірге тікелей эфирде талқылау арқылы ұсынды. Кешке жиналған жанкүйерлер әндерді алғашқылардың бірі болып естіді.

«Мен үшін бұл альбом – ерекше жоба. Әр әннің өз тарихы бар. Тыңдармандарымның көңілінен шығады деп үміттенемін», – деді Sadraddin.

Альбомда 10 ән бар. Олардың арасында лирикалық композициялар да, әуенді тректер де кездеседі. Яндекс Музыка сервисінде альбом қазірдің өзінде қолжетімді.

, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көп оқылғандар