Спорт

Рыбакина Canadian Open финалындағы жеңілістен кейін пікір білдірді

Сурет: ашық дереккөз

Теннисші Елена Рыбакина Canadian Open турнирінің финалындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Торонтода өткен жарыстың шешуші матчында әлемнің екінші ракеткасы поляк теннисшісі Ига Швентектен ұтылып қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матчтан кейін спортшы жанкүйерлерге, турнир ұйымдастырушыларына және өз командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Қазір сөз табу қиын… Мен бар күшімді салдым, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Ига мен оның командасын тамаша турнир өткізуімен құттықтаймын. Керемет атмосфера сыйлаған барлық жанкүйерге рақмет. Келесі жолы осында қайта ораламын деп үміттенемін. Сондай-ақ турнир ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Әрине, командама да рақмет. Сіздерсіз финалға жету мүмкін болмас еді. Біз жұмысымызды жалғастырып, алға ұмтыла береміз», деді Е. Рыбакина.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Canadian Open турнирінде финалға дейін бірнеше күрделі кездесу өткізді. Ол алғашқы айналымда Дарья Касаткинаны, үшінші кезеңде америкалық Энн Лиді жеңді. Ширек финалда жапониялық Наоми Осакадан басым түссе, жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы Коко Гауффты ұтты. Осылайша теннисші турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орнын сақтап қалғаны хабарланған еді.

Көп оқылғандар