Сурет: Armando Franca
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатынан кейін әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне қысқа үндеу жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Португалия әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан 1:0 есебімен жеңіліп, турнирмен қош айтысты. Бұған дейін Роналду бұл мундиаль өзінің мансабындағы соңғы әлем чемпионаты болатынын айтқан еді.
Жеңілістен бір күн өткен соң 41 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында «Португалия – мәңгілік» деп жазды.
Криштиану Роналду – әлем чемпионаттарының алты бірдей додасында гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы. 2026 жылғы мундиальда ол үш гол соғып, Португалия құрамасының үздік сұрмергені атанды.
Испанияға қарсы матчта Роналду тағы бір рекорд орнатты. Ол чемпионаттың плей-офф кезеңінде толық матч өткізген ең егде футболшы атанды.
Футбол тарихында әлем чемпионатына алты мәрте қатысқан ойыншылар санаулы. Биылғы додада Криштиану Роналдумен қатар 40 жастағы мексикалық қақпашы Гильермо Очоа және Лионель Месси алтыншы рет қатысып отыр.
Мазмұнға өту
