Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Вьетнамда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. Ол жаңа салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын тізе бүктірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ризабек бұған дейін 92 келіде өнер көрсетіп келген еді. Енді ол 97 келіге ауысып, жаңа салмақта бағын сынады. Нәтижесінде қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жеңіс тұғырына көтерілді.
«Бұл менің мансабымдағы маңызды қадам. Жаңа салмақ дәрежесіне бейімделу оңай болған жоқ, бірақ бапкерлерімнің арқасында жеңіске жеттім», – деді Ризабек Айтмұхан.
Қазақстандық балуан бұл жеңісімен Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді. Енді ол әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

