Спорт

Расул Құрайыш көшпенділер ойынында күміс алды

Сурет: ТСМ

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан (Эр-Эңиш) Қазақстан құрамасының спортшысы Расул Құрайыш 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық белдесуде отандасымыз қырғызстандық қарсыласынан ұтылып, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Алдында Қазақстан сапынан Абзал Тұлыбеков жамбы атудан алтын алса, Нұрсұлтан Есімбай таяқ тартудан (маст-рестлинг) 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Көп оқылғандар