Спорт

Рамазан Әйгенов Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлде алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында триатлоншы Рамазан Әйгенов қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз мәреге 53 минут 27 секунд нәтижемен үшінші болып жетті. Жарыста Португалия өкілі Артур Гашпар чемпион атанса, Люксембург спортшысы Эмиль Ванолст 53 минут 23 секунд көрсеткішпен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Көп оқылғандар