Спорт

Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті

Сурет: ашық дереккөз

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады. Клуб басшылығы оның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Уразбахтин 2024 жылғы қыркүйекте бас бапкер болып тағайындалып, алғашқы маусымында команданы Қазақстан чемпионы атандырды. 2025 жылы оның жетекшілігімен «Қайрат» Суперкубокты жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

«Бас бапкердің міндетін бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда «Алтайға» қарсы алдағы матчқа дайындалады. «Қайрат» футбол клубы Рафаэль Уразбахтинге атқарған жұмысы, кәсібилігі, клуб тарихына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс айтады. Алдағы мансабына сәттілік тілейміз», делінген клуб хабарламасында.

Бұған дейін Уразбахтин «Қайрат» командасының әлсіз тұсын атаған болатын.

Көп оқылғандар