Шартарап

«Қыз Жібек» фильмінің жұлдызы Меруерт Өтекешоваға жаңа пәтер сыйға тартылды

Сурет: bayanmaxatkyzy парақшасынан

Продюсер Баян Алагөзова халық әртісі, «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға берген уәдесін орындап, пәтер сыйлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа баспана тұруға толық дайын. Пәтер жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықталған. Сонымен қатар суретші Ботагөз Ақанаева арнайы салып берген картина да сыйға тартылған.

Бұған дейін Баян Алагөзова актрисамен кездесіп, оған тон мен эксклюзивті әшекейлер сыйлаған. Сондай-ақ пәтер алып беретінін және өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеген болатын.

Бұл оқиға «Қыз Жібек» фильміндегі камзолдың Баян Алагөзованың жеке коллекциясында сақталғаны белгілі болғаннан кейін қоғамда кең талқыланды. Көпшілік тарихи жәдігер жеке адамның қолында қалуы тиіс пе, әлде музейге тапсырылуы керек пе деген мәселені көтерді.

Әзірге камзолдың алдағы тағдыры нақты шешілген жоқ. Баян Алагөзованың айтуынша, бұл жөніндегі соңғы шешімді Меруерт Өтекешова қабылдайды.

Көп оқылғандар