Сурет: ашық дерекөзден
15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және одан шығу ережелері жаңартылады. Осыған орай қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жолаушыларды әуежайға ерте келуге шақырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қытайға баратын немесе одан қайтатын жолаушыларға құжаттардың, әсіресе төлқұжаттың болуын және оның жарамдылық мерзімін алдын ала тексеру, сондай-ақ Қытайға кіру мен шығудың қолданыстағы талаптарымен танысу ұсынылады. Бұдан бөлек, ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын әуежайға келіп, бақылаудан өтуге уақыт қалдыру керек.
FlyArystan Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режимнің әлі де жұмыс істейтінін еске салады. Қазақстан азаматтары Қытай аумағында бір сапар барысында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады.
