Categories Көңіл ашар

Қытайдың үш қаласында қайыр сұрайтын роботтар пайда болды

Сурет: hk01.com

Қытайдың Бейжің, Чэнду және Фучжоу қалаларында көшеде садақа сұрайтын роботтар пайда болды. Гуманоидтардың ерекше әрекеті туралы фотосуреттер әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Роботтардың адамдардан еш айырмашылығы жоқ – бірі тізерлеп басын төмен салбыратса, енді бірі тротуарда тақтайша ұстап отырған күйде бейнеленген. Тақтайшаларда «Телефонымды қуаттауға ақшам жоқ» немесе «Электр қуатының ақысын төлеп беріңізші» деген жазулар бар. Ал олардың жанында ақша аударуға арналған QR-кодтар қойылған.

Сарапшылардың болжамынша, «қайыр сұрау әрекеті» роботтардың өзіне экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Себебі мұндай роботтар мыңдаған доллар тұрады. Сондықтан мамандар мұның әлеуметтік эксперимент болуы мүмкін екендігін айтып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда алғаш рет адам тәрізді роботтардың қатысуымен марафон өткен болатын. Жарыс Пекин қаласында ұйымдастырылып, оған 100-ден астам гуманоид-робот қатысты.

Ұқсас жазбалар

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ел тарихындағы ең ірі турнир өтеді

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын Астана қаласы қабылдайтынын ресми…

Жапониялық сот сарапшылары сәбилерді ұйықтатуға арналған әуен шығарды

Жапониялық сот сарапшылары сәбилерді ұйықтатуға арналған әуен шығарып, интернетте танымал болды.

Астанада Халықаралық йога күні мыңдаған адамды жинады

Астанадағы «Астана Арена» спорт кешенінде Халықаралық йога күні аталып өтіп, оған мыңға жуық адам қатысты.