Categories Спорт

Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар екі алтын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың ең жоғары сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді. Рамазан Айнегов U17 жас санатында үздік атанды. «Суперспринт» дисциплинасында ол 00:25:49 нәтижесімен мәреге бірінші жетті.

15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 уақытта еңсеріп, алтын медаль алды.

Бүгін, 14 маусымда, чемпионатта эстафеталық жарыстардың жүлделері сарапқа салынады.

Ұқсас жазбалар

Австралия құрамасы Түркияны 2:0 есебімен ұтты

Австралия құрамасы Түркияны 2:0 есебімен жеңді. Канаданың Ванкувер қаласындағы BC Place стадионында өткен матчта австралиялықтар…

Александр Бублик Галледегі ATP 500 турнирінде чемпиондық атағын қорғауға тырысады

Александр Бублик Галледегі ATP 500 турнирінде чемпиондық атағын қорғауға тырысады. Ол алғашқы айналымда іріктеу жеңімпазымен…

Шотландия әлем чемпионатын Гаитиді жеңіп бастады

Шотландия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында Гаити командасын 1:0 есебімен жеңді.