Сурет: ашық дереккөз
Қытайдың Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласында тұрғын үй кешенінде өрт шығып, 14 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Report агенттігінің Xinhua-ға сілтеме жасап мәлімдеуінше, өрт 8 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:59-да (Астана уақытымен 17:59) Инцзэ ауданында тіркелген.
Өрттің шығу себептері мен оқиғаның өзге мән-жайлары туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда саяжайдағы өрттен 50 жастағы әйел көз жұмғаны хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
