Әлем

Қытайда Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің үшжақты кездесуі аяқталды

Сурет: ашық дереккөзден

Қытайда АҚШ президенті Дональд Трамп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путиннің үшжақты кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АТЭС саммиті аясында «Цилинь Шаньчжуан» мемлекеттік резиденциясында өткен келіссөздер шамамен бір жарым сағатқа созылды.

Кездесудің ашық бөлімінде үш елдің басшысы күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, жаһандық тұрақтылықты нығайту, ядролық қаруды таратпау және Украинадағы қақтығысты реттеу жолдарын іздеу талқыланды.

ҚХР Төрағасының айтуынша, жетекші мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен келісім – әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі. Ал Ақ үй мен Кремль басшылары шиеленісті бәсеңдету үшін тікелей диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Үшжақты саммит қорытындысы бойынша Ресей, Қытай және АҚШ бейбітшілік туралы бірлескен декларация қабылдады.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, мұндай форматтағы кездесу тарихта алғаш рет ұйымдастырылған.

Көп оқылғандар