Сурет: Egemen Qazaqstan
Engine AI компаниясы Шэньчжэнь қаласында Ultimate Robot Knock-out Legend атты роботтар турнирін ұйымдастырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа 10 елден 32 команда қатысты. Олардың қатарында Калифорния университеті мен Стэнфорд университетінің командалары да болды. Барлық қатысушы Engine AI әзірлеген T-800 гуманоид роботтарын пайдаланды. Турнирдің жүлде қоры 1,48 миллион АҚШ долларын құрады.
Жекпе-жектердің бірінде роботтардың бірінің басы жұлынып кеткені көрермендердің ерекше назарын аударды.
Engine AI мәліметінше, T-800 роботының бойы 1,73 метр. Ол апперкот жасау, айналып келіп аяқпен тебу сияқты күрделі қимылдарды орындай алады. Сондай-ақ құлағаннан кейін тез тұрып, жекпе-жекті жалғастыруға қабілетті.
Мазмұнға өту
