Әлем

Қытай жыл соңына дейін гуманоид роботтарды жаппай шығарады

Сурет: CnEVPost

Қытай биылғы жылдың соңына қарай физикалық жасанды интеллекті бар, өздігінен әрекет ететін гуманоид роботтарды жаппай өндіруді бастамақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Роботтың денесінде 76 еркін қозғалу дәрежесі бар, яғни оның бөліктері 76 түрлі бағытта қозғала алады. Бұл адам қимылына ұқсас күрделі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді, деп мәлім етті CnEVPost.

Роботқа жасанды интеллект негізіндегі арнайы жүйе орнатылған, сондықтан ол оператордың қашықтан басқаруынсыз күрделі тапсырмаларды өздігінен атқара алады.

Компания роботтарды 2026 жылдың соңына дейін жаппай өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. Ал Қытайда және шетелде ресми сатылым мен алғашқы жеткізілімдер 2027 жылы басталады деп күтілуде.

Айта кетейік, Астанадағы Alem.ai алаңында Qazbot Robotics Forum өткен болатын. Онда мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, технологиялық компаниялар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері бас қосып, Қазақстанда да гуманоид роботтар өндірісін жолға қою мәселесі талқыланған еді.

Көп оқылғандар