Сурет: istockphoto.com
Қырғызстанда құжаттардағы жынысты өзгертуге, сондай-ақ жынысты ауыстыру операциялары мен гормондық терапияға тыйым салу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасының бастамашыларының бірі Болот Сағынбаевтың айтуынша, егер азамат шетелде жынысын ауыстыру операциясын жасатса да, оның құжаттарында туған кездегі биологиялық жынысы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Sputnik_Kyrgyzstan хабарлады.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде осы уақытқа дейін жынысты ауыстыру бойынша бірде-бір операция ресми түрде тіркелмеген.

