Categories Ақорда

Қуат Әуесбай «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қуат Әуесбай «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын, 2021 жылы докторантурасын аяқтаған. 2025 жылғы желтоқсанда журналистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2005 жылы «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған. 2007-2008 жылдары «Айқын» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған. 2008-2010 жылдары Жер ресурстарын басқару агенттігі Мемлекеттік жер ғылыми өндірістік орталығы Баспа және редакциялау бөлімінің меңгерушісі – «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» журналы бас редакторының орынбасары болған. 2010-2017 жылдары «Халық сөзі» газетінің бас редакторы, Парламент Сенаты Төрағасының хатшылығында сарапшы, Ұлттық музейдің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2017-2018 жылдары «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары, «Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясы» ЖШС директоры – бас редакторы болған. 2019 жылғы қаңтардан 2021 жылғы желтоқсанға дейін «Turkistan» газетінің директоры – бас редакторы, 2023 жылғы ақпанда «Egemen Qazaqstan» газетінің интернет редакция жетекшісі, кейін бас редактордың орынбасары қызметін атқарған.

«Ақпарат саласының үздігі», «Халық алғысы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен және Президенттің Алғыс хатымен марапатталған.

Ұқсас жазбалар

Ерсұлтан Бектұрғанов: Мемлекеттік қызмет үздіксіз ізденісті талап етеді

Шілде айынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң күшіне енеді. Бұл құжаттың мақсаты…

Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Цифрлық активтер…

Жасанды интеллект саласына жауапты жаңа вице-министр тағайындалды

Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды.