Categories Жайық news

Құрылыс заңнамасының сақталуы талқыланды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің төрағалығымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланған жұмыс кеңесі өтті.

Жиынның күн тәртібінде екі негізгі мәселе: облыс аумағында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы заңнама талаптарының сақталуы және Орал қаласындағы құрылыс нысандарына рұқсат беру құжаттамаларын келісу тәртібі қаралды.

Кеңес барысында облыс орталығында жүргізілген құрылыс мониторингі нәтижелері баяндалды. Мониторинг қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар нысандар анықталған. Осыған байланысты заңсыз салынған құрылыс объектілерін жою бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар, Орал қаласындағы құрылыс нысандарына рұқсат беру құжаттамаларын келісу тәртібі мен қаланың бас жоспары талқыланды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары салалық басқармалар мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, құрылыс саласындағы бақылау мен үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…