Шартарап

Құрбан айттың алғашқы күні: 35 мың отбасыға ет таратылды

Сурет: Aikyn.kz

Құрбан айттың бірінші күні қазақстандықтар 18 710 малды құрбандыққа шалды. Бұл 35 мыңға жуық отбасыға ет таратуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің түкпір-түкпірінде айт намазы оқылып, құрбандық шалатындар көп болды. Әсіресе Батыс Қазақстан облысында мал шабу дәстүрі кеңінен жалғасқан.

«Құрбан айт – мейірім мен бірлік мерекесі. Биыл да қажетті отбасыларға ет үлестіріліп, жақсылық жасалды», – дейді облыстық дін істері басқармасының өкілі.

Құрбандыққа негізінен қой мен сиыр шалынған. Еттің бір бөлігі мұқтаж жандарға, бір бөлігі туыстар мен көршілерге таратылды.

Көп оқылғандар