Әлем

Қозғалтқыш істен шыққан ұшақ Түркияда теңізге қонды

Сурет: 24кз

Түркияның Ризе қаласы маңында жеке ұшақ суға шұғыл қонды. Алдын ала болжам бойынша, себеп — қозғалтқыштың істен шығуы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әуе кемесі Батумиден Орду-Гиресун әуежайына халықаралық рейс жасап бара жатқан. Ұшу барысында техникалық ақау пайда болып, экипаж Mayday дабылын берген. Содан кейін ұшқыш жағалаудан шамамен 4 теңіз милі қашықтықта суға қондыруға мәжбүр болды.

Оқиға орнына Түркия жағалау күзетінің қызметкерлері жедел жетіп, екі ұшқышты құтқарды. Ұшақ жағалауға сүйреп жеткізілді. Бортта Бельгияның екі азаматы болған, билік өкілдерінің айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ.

Көп оқылғандар