Саясат

Қорғаныс министрлігіне мемлекеттік аудит басталды

Сурет: Aikyn.kz

Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Палатаның мәліметінше, аудит барысында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуы тексеріледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөнінде комиссия құру туралы өкімге қол қойғанын еске саламыз.

Комиссияға Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды жан-жақты зерделеу тапсырылды.

Көп оқылғандар