Categories Қоғам

Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың цифрлық дерекқорын қалыптастыруда

Қазақстанда «Батырларға тағзым» ұлттық порталын құру және 1938–1945 жылдары қызыл әскер қатарына шақырылған қазақстандықтардың мұрағат деректерін цифрландыру жөнінде ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.

Бастама Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында қолға алынған.

Ауқымды жұмыс ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде жүргізілуде. Мұнда жоғары оқу орындары Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына тапсырған облыстық және аудандық әскери комиссариаттардың әскерге шақыру жөніндегі алфавиттік кітаптары өңделу үстінде.

Осындай мақсатпен әскери оқу орындарын, министрліктің бейінді департаменттерін, Қарулы күштердің бөлімшелерін, Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясын және азаматтық жоғары оқу орындарының 30 әскери кафедрасын біріктірген ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Құжаттарды фотолап тіркеу және оларды бірыңғай электрондық базаға енгізу жұмыстары іске асырылып жатыр.

– Біздің алдымызда соғыс жылдары әскерге шақырылған 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық туралы деректерді цифрлық форматқа көшіру міндеті тұр. Көптеген отбасы үшін бұл – ата-бабаларының тағдырын білуге, олар туралы естелікті сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік. Бұл жұмысқа 20 мыңнан астам әскери кафедра студенттері, одан өзге әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерінің жұмылуы жобаға қосымша білімдік әрі патриоттық мән беріп отыр, – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Алдағы уақытта цифрлық ресурс майдангерлердің ұрыс қимылдарына қатысқаны, марапаттары және өмірбаянын туралы өзге де деректерімен толықтырылады. Бұл ақпарат іздеуді жеңілдетіп қана қоймай, бұған дейін сол саланың мамандарына ғана қолжетімді болған бірегей мұрағаттық материалдарды ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ғимаратында облыс әкімі Н.Төреғалиевтің…

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура

Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу фактілері…

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…