Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазталов ауданында «Мен оқыған 30 кітап» байқауы төртінші рет ұйымдастырылды. Аудан мектептерінен 200-ге жуық оқушы қатысып, оқыған шығармалары арқылы әдеби талғамы мен ой ұшқырлығын көрсетті. Байқау Алма Оразбаева атындағы орта мектепте өтіп, жеңімпаздар аудандық мәдениет үйінде марапатталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
5-7 сынып оқушылары арасында Жаңатаң ауылының оқушысы Жангүл Тілекқабыл І орынды жеңіп алды. Оған 100 мың теңге сыйақы берілді. Жангүлдің інісі Сұлтан Тілекқабыл ІІ орынға ие болып, 70 мың теңге алды. Қазталовтық Мәдина Аққали ІІІ орынмен 50 мың теңге қанжығалады.
Бұл топта Төрәлі Еркебұланұлы, Әлина Жасқайрат, Жанайым Кенжеғали, Жәнел Кенжеғали, Марғұлан Өтегенов, Зере Максимова, Нұрзада Алтаева, Айжұлдыз Есет, Асылнұр Бақтығали, Айнар Мәлікова сынды оқушылар 20 мың теңгелік ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
8-11 сынып оқушылары арасындағы бәсекеде Ахмедияр Хұсайынов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Сезім Салауатқызы үздік атанып, І орынға ие болды. Оған 100 мың теңге сыйақы беріліп, облыстық және республикалық кезеңдерге жолдама табысталды. ІІ орын Қараөзен мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жансая Хайруллаға бұйырса, ІІІ орынды Қазталов мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрила Тыныбекова иеленді. Жүлдегерлер 70 мың және 50 мың теңгелік сыйақымен марапатталды.
Мазмұнға өту
