Қоғам

«Қазгидромет» 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» мамандары 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл күні еліміздің оңтүстік өңірінде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік және орталық облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтіледі.

Астанада құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.

Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +36…+38°C болады.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, күндіз +37…+39°C.

Ақтауда түнде жауын-шашынсыз, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы +30…+32°C.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +32…+34°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +32…+34°C.

Қарағандыда түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +32…+34°C.

Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Температура +28…+30°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз, күндіз +37…+39°C.

Қостанайда түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ болады. Температура +22…+24°C.

Қызылордада күн ашық, күндіз +38…+40°C.

Павлодарда түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз қатты ыстық сақталып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Температура +34…+36°C.

Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпіні секундына 23 метрге дейін жететін жел болжанып отыр. Температура +26…+28°C.

Семейде түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз +35…+37°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күндіз +37…+39°C.

Таразда жауын-шашынсыз, күндіз +38…+40°C.

Түркістанда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.

Оралда жауын-шашынсыз, күндіз +28…+30°C.

Өскеменде жауын-шашынсыз, күндіз +33…+35°C болып, аптап ыстық сақталады.

Көп оқылғандар