Басты тақырып

Қазгидромет: 13 қарашада бірқатар өңірде тұман, көктайғақ және қатты жел

Сурет: Aikyn.kz

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 13 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарында тұман мен көктайғақ болады. Жекелеген аудандарда жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Республикалық маңызы бар қалаларда ауа райы былайша болжанады: Астанада ала бұлтты, аздаған қар жауады, күндіз 0…+2°C, түнде -1…-3°C, оңтүстік-батыстан соғатын жел 2–7 м/с. Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз +5…+7°C, түнде -2…-4°C, солтүстік-шығыстан соғатын жел 3–8 м/с. Шымкентте ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі, күндіз +7…+9°C, түнде 0…-2°C, солтүстік-шығыстан соғатын жел 5–10 м/с.

Сонымен қатар Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында тұман мен көктайғақ болады. Қызылорда, Жетісу және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Көп оқылғандар