Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
1 шілдеде заңды күшіне енген Қазақстанның жаңа Конституциясы мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құжат қоғамның заманауи сұраныстарына жауап беретін құқықтық жүйені қалыптастыруға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін нығайтуға бағытталған. Басты ерекшелігі – құқық үстемдігі қағидатын нығайту, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара жауапкершілікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін күшейту.
Мемлекеттік институттар қызметіндегі ашықтық, есептілік және тиімділік қағидаттары одан әрі жетілдірілді. Конституция адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіп, олардың сақталуы мен қорғалуына конституциялық кепілдік береді.
Қазақстанда Конституцияның қолданысқа енуі құқықтық реформаларды жүйелі жүзеге асыруға, заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл құжат – Қазақстанның демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты дамуына бағытталған стратегиялық мақсаттарды іске асырудың берік құқықтық негізі.
Жаңа Конституция қағидаттарын толыққанды жүзеге асыру – мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Оның талаптарын мүлтіксіз сақтау құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, қоғамдық келісімді нығайтудың және Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етудің басты кепілі болып қала береді.
Мазмұнға өту
