Сурет: Ашық дереккөз
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклон жырасы мен атмосфералық фронттар Қазақстанның көп жерінде ауа райын тұрақсыз етеді. Бүгін, 14 маусымда, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мамандарының болжамынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде күндіз ауа температурасы +20…+30 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте +35 градусқа жетеді. Алайда жауын-шашын мен жел салқындық әкеледі.
Республиканың батыс аймақтарында, соның ішінде Орал мен БҚО-да да тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер желдің жылдамдығы 15-20 м/с жететінін, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа дейін күшейетінін ескертеді.
Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Әсіресе, нөсер жауын мен бұршақ кезінде үйлерде отырған жөн, ашық жерде жүрмеу керек.
Алдағы күндері де ауа райы тұрақсыз болып қалады, синоптиктер жаңа циклондардың келуін болжап отыр.

