Қазақстан халқының басым бөлігі Мемлекет басшысына сенім артады. Бұл – ҚСЗИ жүргізген әлеуметтік сауалнаманың басты қорытындысы.
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 2026 жылғы сәуірде республика бойынша қоғамдық пікір сауалнамасын өткізді. Нәтижесінде азаматтардың 82,5 пайызы Президенттің қызметін оң бағалаған.
Сонымен қатар, халықтың 80,1 пайызы Мемлекет басшысына сенім білдірген. Бұл көрсеткіш елдегі саяси тұрақтылық пен реформаларға қолдау жоғары екенін көрсетеді.
Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 18 жасқа толған 1200-ден астам адам қатысты. Жауаптардың статистикалық қателігі 3 пайыздан аспайды.
Зерттеу барысында азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайға көзқарасы да сұралған. Респонденттердің 70,3 пайызы еліміздің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтқан.
, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

