Қазақстан халқының басым көпшілігі мемлекет басшысына сенім артады. КИСИ жүргізген сауалнамаға сәйкес, президентті қолдау деңгейі 77,2% құрап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сауалнама биылғы жылдың мамыр айында өткізілген. Оған еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан 1200 адам қатысқан. Зерттеу қорытындысы президенттің саясаты әлеуметтік топтардың барлығында дерлік бірдей қолдау тауып отырғанын көрсеткен.
«Мемлекет басшысына деген сенім – тұрақты әрі жоғары деңгейде. Бұл – қоғамның бірлігі мен билікке деген сенімнің айқын көрінісі», – дейді сарапшылар.
Зерттеу барысында азаматтардың көпшілігі президенттің ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларын құптайтыны анықталған. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық реформалар мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар жоғары бағаланған.

