Сурет: Egemen Qazaqstan
Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әртістік жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Топтық акробатикалық бағдарлама финалында қазақстандық спортшылар 203,0926 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер бұл бағдарламада мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды бейтарап атлеттер (232,2147 ұпай) иеленсе, үшінші орынды Беларусь (200,9777 ұпай) алды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан командасы үшін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы үшінші медаль. Бұған дейін ерлер арасындағы техникалық соло сайысында Виктор Друзин қола жүлдеге ие болса, бүгін Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптық еркін бағдарламада ел тарихындағы тұңғыш күміс медальді жеңіп алды.
Мазмұнға өту
