Шартарап

Қазақстандық ЖИ-фильм Канн фестивалінде тұсауы кесілді

Сурет: youtube.com/@HiggsfieldAI

Канн кинофестивалінде жасанды интеллект көмегімен түсірілген алғашқы отандық көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – қазақ кинематографы үшін тарихи сәт. Фильм толығымен ЖИ алгоритмдерімен жасалған: сценарийден бастап монтажға дейін. Көрсетілімге әлемдік кино өнерінің майталмандары қатысты.

«Біз технология мен өнердің шекарасын кеңейтіп жатырмыз. Бұл – тек басы ғана», – деді фильмнің продюсері.

Қазақстандық фильм фестивальде жоғары бағаға ие болды. Енді оны ірі халықаралық платформаларда көруге болады.

Көп оқылғандар