Сурет: Sports.kz
Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта еңсеріп, мәреге бірінші болып келді. Күміс жүлдені румыниялық Тунде Крисан (35:48) алса, үздік үштікті италиялық Элис Вентре (35:50) түйіндеді.
Қазақстандық Алуа Нұрмұхамет бесінші орынға (36:03), Калерия Шнайдер 6-орынға (36:07), ал Аида Ким 9-орынға (36:13) тұрақтады. Диана Ержанова – триатлоннан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Мазмұнға өту
