Сурет: ашық дерекөзден
Қазақстанда жануарлар дүниесін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау инспекторларының арнайы құралдар тізімі кеңейтілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен аң инспекторларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолданылатын бірқатар арнайы құрал беру қарастырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекеттік жануарлар дүниесін қорғау қызметкерлеріне механикалық әсерден қорғайтын кеудеше және автокөлікті мәжбүрлі түрде тоқтатуға арналған «Еж-М» құрылғысы беріледі.
«Еж-М» құрылғысы көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған және автокөліктің дөңгелектерін зақымдау арқылы оның қозғалысын тоқтатуға мүмкіндік береді.
Бұл арнайы құралдар аң инспекторларының қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыруы және заң бұзушылықтардың жолын кесуі кезінде қолданылмақ.
Мазмұнға өту
