Қоғам

Әуежайда «бомба бар» деп әзілдегендерге қандай жаза қарастырылған?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бас көлік прокуратурасының бастамасымен халықаралық әуежайларда отырғызу талондарының артқы бетіне алдын алу материалдары орналастырылды. Бұл материалдарда жолаушыларға терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны, сондай-ақ белгілі бір заттарды тасымалдауға тыйым салынғаны ескертіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Енді жолаушылар отырғызу талонын алған кезде «бомба бар» деген әзілдің өзі қылмыстық жауапқа әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы қосымша ақпарат алады. Сонымен қатар, жадынамада тасымалдауға тыйым салынған заттар, оның ішінде кастеттер, атыс қаруы, оқ-дәрілер және басқа да қауіпті бұйымдар туралы мәлімет берілген.

Жаңа профилактикалық бастамаға әлеуметтік желі қолданушылары назар аударып үлгерді. Әсіресе, отырғызу талондарындағы ескертулер туралы блогер Айдархан Мейірхан айтып берді.

Қазіргі уақытта бұл тәжірибе Астана, Алматы, Түркістан және Қарағанды халықаралық әуежайларында енгізілді. Жақын арада мұндай алдын алу материалдарын елдің басқа әуежайларында да орналастыру жоспарланып отыр.

Бұл бастама көлік және авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолаушылардың жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Көп оқылғандар