Сурет: Egemen Qazaqstan
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары қазақ тілінің технологиялық дамуына бағытталған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауға жақын. 2024 жылы басталған бұл ғылыми жоба биыл толық аяқталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жоба барысында қазақ тіліндегі кең көлемді мәтіндік деректер жиналып, тазартылып, жүйеленді. Осы деректер негізінде қазақ тіліне басымдық бере отырып оқытылған бірнеше ірі тілдік модель жасалды.
Әзірленген модельдердің маңызды техникалық ерекшелігі – tool calling мүмкіндігі. Бұл модельдерге сыртқы цифрлық құралдармен әрекеттесуге және күрделі тапсырмаларды бірнеше кезеңмен орындауға жол ашады. Аталған мүмкіндік көп агентті және автономды жүйелерді дамыту үшін маңызды.
Мазмұнға өту
