Спорт

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчында төрелік етеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы «Шкендия» (Солтүстік Македония) мен «Хиберниан» (Шотландия) арасындағы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қарымта кездесу 13 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де Скопье қаласындағы «Тоше Проески» стадионында өтеді.

Бас төреші Болат Сәриев болады, оған Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі, қосалқы төреші – Данил Горда. VAR төрешісі – Айдын Тасыбаев, оған венгриялық Тамаш Богнар көмектеседі.

Алғашқы матч Шотландияда «Хибернианның» пайдасына 2:1 есебімен аяқталған.

Көп оқылғандар