Спорт

Қазақстандық ескекшілер әлем чемпионатының финалына шықты

Сурет: ҰОК

Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасында каноэ-екіліктер бәсекесінде 200 метр қашықтықта Қазақстан құрамасының спортшылары Мария Бровкова мен Ульяна Киселева финалға жолдама алды. Олар өз тобында 200 метрді 46,61 секундта еңсеріп, мәреге үшінші болып жетті. Бұл нәтиже спортшыларға шешуші кезеңге өтуге мүмкіндік берді.

Аталған санаттағы финалдық жарыс 29 тамызда өтеді. Еске сала кетейік, 25 тамыздан бастап Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан командасы сапында екі бағдарлама бойынша 15 спортшы аттанған болатын.

Көп оқылғандар