Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда алғаш рет атом электр стансасын салу жұмыстары 2027 жылы қолға алынады. Бұл туралы «Росатом» компаниясының бас директоры Алексей Лихачёв ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Лихачёвтің айтуынша, қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, құрылыс алаңын таңдау бойынша келіссөздер жүріп жатыр. АЭС орналасатын нақты орын әлі жарияланған жоқ, бірақ мамандар бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр.
«Біз Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Алғашқы реакторды 2027 жылы іске қосуға дайындық жүріп жатыр», – деді Лихачёв.
Атом электр стансасы елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, көміртегі шығарындыларын азайтуға көмектеседі деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар мен халықаралық сарапшылар тартылады.

