Қоғам

Қазақстанда жыл басынан бері 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Сурет: Ашық дереккөз

Биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 4,1 трлн теңгеге жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 15,2 пайызға өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, көптеген өңірде оң динамика байқалады. Ең жоғары өсім Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелген.

«Есепті кезеңде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 7,9 млн шаршы метр болған. Нәтижесінде көлем 6,7 пайызға артты. Өсім 19 өңірде байқалып отыр. Ең жоғары көрсеткіш Жетісу және Алматы облыстарында», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Көп оқылғандар