Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Қазақстанда отандық автокөлік техникасының түрлері кеңейіп, жаңа көлік құралдарын өндіру қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Кәсіпорынның басты жобаларының бірі – «Астана» деген өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп жасалған, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері қолданылады. Сондай-ақ автобустардың дизайнын әзірлеуге қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі», – деді Нұрлан Смағұлов.
Оның айтуынша, дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қарашада басталады. Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп жаңа аккумуляторлық батареяларды қолданатын электр көліктерінің желісі әзірленуде. Ал «Астана» маркалы электр автобустарын 2027 жылдың наурызында шығару жоспарланған.
Мазмұнға өту
