Categories Көңіл ашар

Қазақстанда ашық бассейнге кіру құны 13 мың теңгеге жетті

Сурет: Kazinform/ЖИ

Аптап ыстықта бассейндер сұранысқа ие болып, кейбір қалаларда кіру құны 13 мың теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бағаға шолу тек ашық аспан астындағы бассейндерге жасалды. Балаларға кіру арзанырақ, ал жұмыс күндері баға төмен. Кейбір орындарда үш жасқа дейінгі, енді бірінде алты жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

Таразда бассейнге кіру ең арзан — 1 000-5 000 теңге. Ең қолжетімдісі — әкімдік қарауындағы коммуналдық жағажай, бірақ баға бір сағатқа ғана есептелген. Басқа орындарда төлем бір күндік демалысқа белгіленген.

Талдықорған мен Шымкентте баға 1 500 теңгеден басталады. Талдықорғанда ең жоғары баға 3 500 теңге, ал Шымкентте 7 000 теңгеге дейін жетеді.

Түркістан, Орал және Қызылордада кіру 2 000 теңгеден басталады. Кейбір орындарға алдын ала жазылу керек, себебі ыстықта сұраныс жоғары.

Өскемен мен Семейде орташа баға 2 500 теңгеден басталып, 4 500-5 000 теңгеге дейін жетеді. Көптеген демалыс аймағында тамақ пен сусын алып кіруге тыйым салынған.

Ақтөбе мен Павлодарда баға 3 000 теңгеден басталады. Павлодарда әкімдік ашқан қалалық жағалауда заманауи балалар бассейні бар, алдын ала жазылса, тегін кіруге болады. Ата-аналар да кіріп, балаларын бақылай алады, бірақ уақыт шектеулі — бір сағат.

Ақтауда бассейнге кіру 3 500-13 000 теңге аралығында. Петропавлда баға 4 000-8 000 теңге.

Қостанай, Қарағанды және Астанада ең төменгі құн 5 000 теңгеден басталады. Кейбір орындарда аяқ киім, сүлгі, үрлемелі құралдар үшін қосымша ақы төлеу керек.

Ең қымбат бассейндер Көкшетау мен Алматыда — билет бағасы 6 000 теңгеден басталады. Көпбалалы отбасына қомақты қаражат қажет.

Жезқазған мен Атырауда ашық бассейндер табылмады. Атырауда аквапарк бар, бірақ ол әлдеқайда қымбат.

Ұқсас жазбалар

Instagram-дағы парақшасын жапқан Рыбакина қайта оралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram-дағы жеке парақшасын қайта қалпына келтірді.

Елена Рыбакина Лондон турнирінен кейін Instagram-ын өшірді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Instagram парақшасын жауып тастады. Жанкүйерлер алдымен оның аккаунтындағы барлық жазбалардың жоғалғанын,…

«Qaitadan» фильмі Бішкек кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды

Қырғызстан астанасында өткен IV Бішкек халықаралық кинофестивалінде отандық «Qaitadan» фильмі бас жүлдені иеленді.