Categories Көңіл ашар

Қазақстанда алғашқы Монтессори ғылыми-зерттеу зертханасы ашылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Абай университеті мен Перуджадағы (Италия) Халықаралық Мария Монтессори орталығы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар Қазақстанда алғашқы Монтессори ғылыми-зерттеу зертханасын және Абай университеті базасында педагогтерді сертификаттаудың ұлттық орталығын құруға уағдаласты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл серіктестік инклюзивті білім беруді дамытуға және жаңа буын мұғалімдерін даярлауға әлемдік тәжірибелерді енгізуге бағытталған. Абай университеті 100 жылдық мерейтойы қарсаңында зерттеу бағытындағы жаңа үлгідегі педагогикалық жоғары оқу орнына айналу бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.

Қазақстанда Монтессори әдістемесіне қызығушылық артып келеді. Қазіргі уақытта еліміздің 11 қаласындағы 40-тан астам мектепке дейінгі ұйымдар мен білім орталықтары осы педагогика қағидаларын қолданады. Дегенмен, тәжірибені кеңейту үшін академиялық база мен білікті мамандар қажет.

Италиялық орталықтың президенті Симоне Павони мен вице-президенті Лучио Ломбардимен келіссөздерде бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Олардың қатарында студенттерге халықаралық AMI сертификаттарын беретін білім бағдарламаларын әзірлеу, «оқытушыларды оқыту» моделі бойынша дайындау, сондай-ақ баланың ерте дамуы, нейропедагогика, заманауи білім технологиялары мен геронтология салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу бар. Сонымен қатар Абай университеті егде жастағы адамдармен жұмыс істеуге бағытталған «Silver Agri Age» және «Silver Agri Care» жобаларына қызығушылық танытып отыр.

Абай университетінің ресми делегациясы орталықтың практикалық инфрақұрылымымен танысып, «Лидия Чели» атындағы бөбекжайды, балабақша мен бастауыш мектепті аралады. Университет ректоры Болат Тілеп сапардың мақсаты Италияның жоғары оқу орындарымен ұзақмерзімді академиялық серіктестік орнату екенін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық сараптама мен ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық ғалымдар, студенттер және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Сондай-ақ делегацияның Италияның жетекші жоғары оқу орындары – Sapienza, UniCamillus, LUISS университет өкілдерімен бірқатар ресми кездесу өткізу жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

26 маусымда үйленуге ниет білдірушілер саны 4 мыңнан асты

Әлеуметтік желілерде бүгінгі үйлену тойларының қарқынын көрсететін бейнежазбалар жарияланып жатыр.

Балқаштағы «Balkhash Tour Fest» фестивалі 75 мыңнан астам туристі жинады

Балқашта өткен «Balkhash Tour Fest» фестивалі екі күн бойы көл жағасын думанға бөледі. Биыл туризм…

Студенттер тарихты оқытуға арналған «TarikhMap» платформасын жасады

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері тарих сабақтарына арналған «TarikhMap» инновациялық платформасын әзірледі.