Қаржы

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776-ға жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны өсіп келеді. 2026 жылдың екінші тоқсанында Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 776 кәсіпкер тіркелген. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,2 пайызға артқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігі бұл тізілімді тоқсан сайын жаңартып отырады. Тізілімге енген кәсіпкерлер заңнамада көзделген мемлекеттік қолдау шараларын ала алады және әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытуға мүмкіндік алады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік бизнестің қоғамға пайда әкелетін түрін біріктіреді. Ол мүгедектер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтиды, әлеуметтік маңызды қызметтер көрсетеді және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асырады.

Тізілім жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссияның шешімі негізінде қалыптасады. Комиссия кәсіпкерлердің өтінішін қарап, олардың белгіленген өлшемдерге сәйкестігін бағалайды.

Көп оқылғандар