Спорт

Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасын 8 медальмен қорытындылады

Сурет: ТСМ

Қазақстан құрамасы Сенегал астанасы Дакарда өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтап, жалпы 8 медаль иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола жүлдеге қол жеткізді. Ең көп медаль бокстан келді — бұл спорт түрінен қоржынға екі күміс пен бір қола түсті.

Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал велоспорттың тасжолдағы жекелей уақытқа жарысу сайысында Әнел Тәшбай ел қоржынына екінші алтынды салды.

Бокстан Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола медаль иеленді. Семсерлесуден қылышпен сайысқан Айбар Қайым да жарысты күміспен аяқтады.

Сонымен қатар триатлоншы Рамазан Айгенов пен таеквондодан 63 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Любовь Юн қола жүлде жеңіп алды.

Көп оқылғандар