Сурет: ашық дереккөз
Аичи-Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ерлер волейболының плей-офф кезеңі басталды. 9–16 орындар үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Гонконг командасын бес сетте жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы екі партияда қазақстандықтар қарсыласына есе жіберді – 22:25, 24:26. Алайда кейін таразы басын өз жағына аударып, келесі үш сетте қатарынан басым түсті – 25:20, 26:24, 15:11.
Осылайша Қазақстан құрамасы кездесуді 3:2 есебімен аяқтап, камбэк жасады.
Енді отандастарымыз келесі кезеңде Қырғызстан мен Тайпей құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Бұған дейін теннисші Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.
